Accessibility links

Душанбе: Озода Рахмонның қызметке тағайындалуы заңды


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның қызы Озода Рахмон
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның қызы Озода Рахмон

Түркіменстан президентінің құқықтық мәселелер бойынша көмекшісі Шохназаров президент Эмомали Рахмонның қызы Озода Рахмонның президент аппаратының жетекшісі қызметіне тағайындалуын заңды деп атады. Бүгін Душанбеде журналистер алдында сөйлеген Шохназаров Озода Рахмонның тағайындалуы мемлекеттік қызметкердің өзіне туыс болып келетін адамға тікелей бағынышты немесе есеп беретін қызметке тағайындалуына тыйым салатын коррупциямен күрес туралы заңды бұзбайтынын мәлімдеді.

Шохназаровтың сөзінше, Озода Рахмон Тәжікстан президенті аппаратының жетекшісі ретінде президентке емес, премьер-министрге бағынышты болады.

Бұған дейін Тәжікстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болған Озода Рахмон 27 қаңтарда президент аппаратының жетекшісі болып тағайындалған.

Тәжікстанда бұған дейін заңға Эмомали Рахмонның президент сайлауына шексіз мәрте түсуіне, ал оның ұлына 2020 жылғы президент сайлауына түсуіне рұқсат ететін түзету енгізілген. Эмомали Рахмон өткен жылы "ұлт көшбасшысы" атағын иеленген.

XS
SM
MD
LG