Accessibility links

Тайшыбековтің ісі 1-инстанция сотына қайтарылды


Ермек Тайшыбеков сот залында тұр. Қордай, 11 желтоқсан 2015 жыл.

Ермек Тайшыбеков сот залында тұр. Қордай, 11 желтоқсан 2015 жыл.

"Алауыздық тудырды" деген айыппен 4 жылға сотталып, Тараз түрмесінде 9 ақпанда өтетін апелляциялық сотты күтіп отырған Ермек Тайшыбековтің ісі бірінші инстанциядағы сотқа қайтарылды. 9 ақпанда апелляциялық сот өтпейтін болды.

Апелляциялық сот хатшысы Нұрсейіт Бейсалиев бұл істің егжей-тегжейін айтпады, тек іс жайлы қаулы Ермек Тайшыбековтің адвокаты Анатолий Окуньковқа жіберілгенін хабарлады.

Ресейшіл көзқарастарымен танылған 37 жастағы блогер Ермек Тайшыбеков Facebook әлеуметтік желісіндегі жазбалары арқылы «ұлтаралық алауыздық тудырды» деп танылып, 2015 жылы 11 желтоқсанда 4 жылға сотталған.

XS
SM
MD
LG