Accessibility links

Дамаск қоршаудағы аудандарға жүк кіргізуге рұқсат етті


Дамаск маңындағы Дума қаласы. Сирия, қаңтар, 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)

Дамаск маңындағы Дума қаласы. Сирия, қаңтар, 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)

Сирия үкіметі Дамаск маңындағы көтерілісшілер бақылауда ұстап тұрған аудандарға ізгілік белгісі ретінде гуманитарлық көмек кіргізуге рұқсат берді. Қызыл Жарты Ай халықаралық ұйымы әл-Тал ауданына 14 жүк көлігімен гуманитарлық жәрдем, оның ішінде үш мың адамға бірінші кезектегі қажет заттар мен 25 тонна азық-түлік жеткізген.

Бұл уақытта Женевада БҰҰ арағайындығымен өтіп жатқан Сирия бейбіт келіссөзі басталғаннан қиындыққа кезікті. Сириялық оппозиция өкілдері гуманитарлық жүкті үкімет күштері қоршауындағы 18 ауданға кіргізуді талап етіп жатыр. Әзірше БҰҰ-ның Сирия жөніндегі өкілі Стаффан де Мистура 1 ақпаннан бері келіссөзге қатысушы тараптармен жеке-жеке ғана сөйлесіп жатыр. Ал Сирияның үкімет әскері Алеппо қаласынан солтүстікке қарай орналасқан үш елді мекенді басып алды.

Сирия әскерінің Ресей әуе күштерінің қолдауымен шабуылға шығуы Женевадағы сириялық оппозиция делегаттарының наразылығын тудырып, бейбіт келіссөздің болашағына қауіп төндіре бастады.

XS
SM
MD
LG