Accessibility links

АҚШ-та Зика вирусын жұқтырған алғашқы адам анықталды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

АҚШ билігінің мәліметінше, Техас штатында Зика вирусы белгісі табылған алғашқы науқас оны қатерлі дерт таралған елдерден оралған адаммен жыныстық қатынасқа түскенде жұқтырғаны анықталды. Науқастың ағзасында қатерлі вирус бары зертханалық тексеру кезінде расталған. Бұл ақпарат маса арқылы жұғып, жаңа туған балаларда неврологиялық аурулар тудыратын вирустың таралуына қатысты алаңдаушылық тудыра бастады.

1 ақпанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДСҰ) Орталық және Оңтүстік Америка елдерінде вирустың таралуы халықаралық деңгейде қауіп төндіреді деп тапқан. 2015 жылдың қазанынан бері Бразилияда төрт мыңнан астам адамның вирус жұқтырғаны расталған.

ДСҰ-ның болжамы бойынша, биыл Орталық және Оңтүстік Америкада 3-4 миллион адам осы вирусты жұқтыруы мүмкін.

XS
SM
MD
LG