Accessibility links

Нью-Йорк биржасында мұнай бағасы арзандады


Нью-Йорк қор биржасындағы трейдерлер (Көрнекі сурет).
Нью-Йорк қор биржасындағы трейдерлер (Көрнекі сурет).

АҚШ-та өндірілетін батыстехастық мұнай баррелінің бағасы 2 ақпан күні кешке Нью-Йорк биржасында бес пайызға арзандап, 29 доллар 97 центке дейін түсті. Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы төрт жарым пайызға арзандады. Мұнай бағасы арзандаған соң Нью-Йорк қор биржасында да негізгі индекстер көрсеткіші екі пайызға төмендеді.

Соңғы күндері Ресей мен ОПЕК елдері мұнай бағасын көтеру үшін мұнай өндіру көлемін азайту туралы келісім жасайды деген ақпараттан соң мұнай бағасы аздап қымбаттаған еді. Сарапшылар әзірге жақын болашақта мұнай бағасы көтерілетініне ешқандай негіз жоғын айтады.

АҚШ-тағы ең ірі мұнай компаниясы Exxon mobil кеше кіріс көлемі 58 пайызға азайып, компания акциясының бағамы түсіп кеткенін хабарлаған. Инвесторлар әлемде экономикалық өсімнің азаюына және мұнай өндірушілерге берілген несиелердің қайтарылу мәселесіне алаңдап, түрлі қаржылық концерндер акцияларының бағасын түсіріп жатыр.

Сарапшылар қор нарығындағы тұрақсыздық сақталып, ол АҚШ Федералдық резерв жүйесін таяу айларда несие мөлшерлемесін көтеруді кейінге қалдыра тұруға мәжбүрлейді деп болжайды.

XS
SM
MD
LG