Accessibility links

Пентагон "Ресей басқыншылығымен" күреске ақша сұрады


АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картер. Вашингтон, 2 ақпан 2016 жыл.

АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картер. Вашингтон, 2 ақпан 2016 жыл.

АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картердің сөзінше, Пентагон 2017 жылға "Ресей басқыншылығымен" күреске 3,4 миллиард доллар сұрайды. Бұл сома - өткен қаржылық жылы бөлінген қаржыдан төрт есе көп.

"Біз НАТО-дағы одақтастарымызды басқыншылықтан қорғау үшін Еуропадағы әлеуетімізді күшейтеміз. Осы арқылы көптеген жоба қаржыландырылады. Еуропада ротация негізінде қызмет ететін АҚШ әскері саны артады. Одақтастарымызбен бірге өткізетін жаттығулар да көбейеді. Қару-жарақ пен әскери инфрақұрылым күшейтіледі" деді Картер 2 ақпан күні Вашингтонда.

Пентагонның 2017 жылғы қорғаныс бюджеті 582,7 миллиард долларға ұлғаяды. Картердің сөзінше, бұл қаржы негізгі бес тараптан - Ресей, Қытай, Солтүстік Корея, Иран және "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымынан төнетін қауіп-қатерге қарсы тұруға бағытталады.

Бұдан өзге, қорғаныс министрлігі Ауғанстандағы әскери операцияларды қаржыландыруға "резервте тұратын" 59 миллиард доллар және Сирия мен Иракта ИМ-мен күреске жеті миллиард доллардан астам қаржы сұрайды.

XS
SM
MD
LG