Accessibility links

АҚШ конгресмені Бакуді Исмайылды босатуға шақырды


АҚШ конгресмені, өкілдер палатасының халықаралық қатынастар комитетінің жетекшісі Эд Ройс.

АҚШ конгресмені, өкілдер палатасының халықаралық қатынастар комитетінің жетекшісі Эд Ройс.

АҚШ конгресмені, өкілдер палатасының халықаралық қатынастар комитетінің жетекшісі Эд Ройс Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевті түрмедегі журналист, Азаттықтың Әзербайжан редакциясының тілшісі Хадиджа Исмайыл мен басқа да журналистерді босатуға шақырды. Республикашыл конгресмен журналистердің түрмеде отыруы "екі ел қарым-қатынасына салқынын тигізетінін" ескерткен.

Әлиевке жазған хатында Эд Ройс Азаттықтың Бакудегі бюросының бұдан ары да жабық тұруы екі жақты қарым-қатынасқа кері әсер ететінін айтқан.

"Сізді күдікті айыптармен сотталған Исмайылды және басқа да журналистерді босатуға және Азат Еуропа Азаттық радиосының Бакудегі бюросының қызметін жалғастыруыға мүмкіндік беруге шақырамын" деген Эд Ройс.

Хадиджа Исмайыл 2015 жылы қыркүйекте «салықтан жалтарды», «заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты» және «қызмет өкілетін теріс пайдаланды» деп айыпталып, жеті жарым жылға сотталған. Құқық қорғаушылар Әзербайжан билігі Исмайылды биліктегі жоғары шенді шенеуніктердің, оның ішінде президент Ильхам Әлиев пен оның отбасы мүшелерінің "қаржылық қылмыстарға қатысы бар" екені туралы зерттеу материалдары үшін соттады дейді.

2014 жылы желтоқсанда Әзербайжан прокуратурасы Азаттықтың Бакудегі бюросына тінту жасап, техникаларын тәркілеп, кеңсе есігін мөрлеп кеткен.

Азаттық 2015 жылы мамырда Бакудегі бюро жұмысын тоқтатқанымен, Әзербайжанға Прагадағы бас кеңседен хабар таратып отыр.

XS
SM
MD
LG