Accessibility links

"Ақ жол" мәжіліс сайлауына 35 кандидат ұсынды


"Ақ Жол" саяси партиясының кезектен тыс 10-құрылтайына қатысушылар. Астана, 3 ақпан 2016 жыл.

"Ақ Жол" саяси партиясының кезектен тыс 10-құрылтайына қатысушылар. Астана, 3 ақпан 2016 жыл.

Астанада бүгін "Ақ жол" саяси партиясының кезектен тыс 10-құрылтайы өтіп, партия атынан парламент мәжілісінің ерте сайлауына үміткер ретінде 35 адам ұсынылды.

Құрылтайда партия төрағасы болып Азат Перуашев қайта сайланды. Ол құрылтайда партия парламенттен "барынша көп орын алуға тырыспайтынын", керісінше "парламенттегі тұрақты партия болуға күш салатынын" айтты. Ол алдағы сайлауда партия мәжілістен 8-9 орын алса, соның өзі жеткілікті деген сыңайда пікір білдірді. Перуашевтің айтуынша, партия 2011 жылы өткен парламент мәжілісі сайлауына 89 үміткер ұсынып, оның 8-і депутат болған.

Сайлауға партиялық тізім бойынша ұсынылғандар арасында Азат Перуашевтің өзі, партияның Оңтүстік Қазақстан облысы мен Астана қалалық филиалдарының жетекшілері, өзін-өзі таратуды сұраған 5-шақырылымдағы мәжілістің бес депутаты, қоғамдық белсенді Жанар Жандосова, бизнесмендер бар.

Қазақстан парламенті мәжілісінің кезектен тыс сайлауы наурыздың 20-сына белгіленген. Мәжілістегі 107 депутаттық орынның 98-і партиялық тізім бойынша, 9-ы Қазақстан халқы ассамблеясы атынан сайланады.

XS
SM
MD
LG