Accessibility links

Бішкек: Есектің басы бар суретті желіге қазақстандық салған


Қырғызстанның Ош облысындағы қоралардың бірінде тұрған есектер. 22 қыркүйек 2015 жыл.

Қырғызстанның Ош облысындағы қоралардың бірінде тұрған есектер. 22 қыркүйек 2015 жыл.

"Қырғызстанда қызу пікірталас тудырған, қолына есектің кесілген басын ұстап тұрған қыздың суретін таратқан адам - Қазақстан азаматы" деп мәлімдеді Қырғызстан ішкі істер министрлігі.

Қырғызстан ІІМ суретті әлеуметтік желіге 2016 жылы қаңтарда Қазақстан азаматы Арман С. деген қолданушы жүктегенін айтады. Бірақ суреттің қайда, қашан түсірілгені, кім түсіргені айтылмайды.

Ас үйде қолына есектің басын ұстап тұрған қыздың суреті бірнеше қырғыз ақпарат агенттігінде таралып, интернетте қызу талқыланған. Суретке байланысты "қоғамдық тамақтану орындарында тамаққа есек еті пайдаланылады" деген де долбарлар айтылған.

2015 жылы Қырғызстанда асханаларда есек етінің заңсыз "пайдаланылуына" қатысты дау шығып, есек бағатын бірнеше ферма анықталған.

XS
SM
MD
LG