Accessibility links

Порошенко: Ресеймен соғысу қаупі күшейді


Украина президенті Петр Порошенко.

Украина президенті Петр Порошенко.

Украина президенті Петр Порошенко Ресей мен Украина арасында ашық соғыс туындау қаупі өткен жылғыдан да арта түскенін мәлімдеді.

Германияның Bild басылымында 3 ақпанда жарияланған сұхбатында Порошенко Ресейді Украина шығысындағы қақтығысты тоқтату туралы Минск келісімінің бір де бір талабын орындамағанын айтты.

"Оның орнына біз Ресейдің елімізге 8 мың әскері мен командирін кіргізіп, шекараға тым жақын аймақтарға әскери нысандарын орналастырғанын және әскери жаттығуды тұрақты түрде өткізе бастағанын көріп отырмыз" деген Порошенко.

"Ресей бұл соғысқа көп қаржы жұмсап жатыр" деген Порошенко.

Берлин Ресей Германияда тәртіпсіздік тудырып, сол арқылы Мәскеу Қырымды аннексиялағанда Ресейге қатысты қатаң ұстанымда болған канцлері Ангела Меркельді әлсіретуге тырысады деп қауіптенеді.

"Қазір Путин Германияға да ақпараттық соғыс ашты" деген Порошенко Bild басылымына.

Порошенко 1 ақпанда Берлинде Ангела Меркельмен кездесіп, Еуропа Одағының Ресейге салған санкциялары Мәскеу Минск келісімінің талаптарын орындамайынша жойылмауы тиіс деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG