Accessibility links

Шымкентте мыңдаған студент қатысқан шара өтті


Оңтүстік Қазақстан облысындағы жоғары оқу орындарының студенттері таңертеңгілік жаттығуға шықты.

Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылды делінген шараға қатысқан студенттер «бір сағатқа босатылғандарын, жаттығу жасауға ерікті түрде келгендерін» айтады.

Оңтүстік Қазақстан облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Сейітжан Асыловтың сөзінше, бұл шараға аймақтағы 45 мыңдай студенттің 30 мыңға жуығы қатысқан.

Билік тарапынан ұйымдастырылған шаралар кезінде адам қарасын көбейту үшін студенттерді ерікті-еріксіз түрде апару Қазақстанда бұрыннан бар. Ауызекі тілде «массовка» деп аталатын бұл шараға жастар «мәжбүрлі түрде жиі баратындарын» айтып шағымданады. Мұндай бұқаралық шараға студенттерін жіберуді университет басшылығының бірі «билікке көмек» дейді, енді бірі жоққа шығарды.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG