Accessibility links

АҚШ-та Рэнд Пол президент сайлауы бәсекесінен шықты


Кентукки штатынан сайланған сенатор Рэнд Пол.

Кентукки штатынан сайланған сенатор Рэнд Пол.

АҚШ-та Кентукки штатынан сайланған республикашыл сенатор Рэнд Пол президенттікке Республикашыл партия атынан үміткер болу бәсекесінен бас тартатынын жариялады. 1 ақпанда Айова штатында өткен партия ішілік дауыс беру кезінде ол үміткрелер арасынан бесінші орын алған болатын. Ол кезде Техас штатынан сайланған сенатор Тэд Круз 27,7 пайыз дауыс жинап, жеңіске жеткен. Одан кейінгі орында 24 пайыз дауыспен миллиардер Дональд Трамп тұр.

Флорида штатының сенаторы Марко Рубио 23,1 пайыз дауыспен үшінші, Бен Карсон 9,3 пайыз дауыспен төртінші орын алған. Рэнд Пол ол кезде тек 4,5 пайыз дауыс жинаған. Флорида штатының бұрынғы губернаторы, экс-президент ДЖордж Буштың ағасы Джеб Буш 2,8 пайызбен алтыншы орын алған.

XS
SM
MD
LG