Accessibility links

Сирияда ресейлік әскери оққа ұшты


Сирияның Алеппо провинциясындағы қақтығыс. Қаңтар 2016 жыл.

Сирияның Алеппо провинциясындағы қақтығыс. Қаңтар 2016 жыл.

Сирияда ресейлік әскери кеңесші минометтен атылған оқтан қаза тапты. Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, ресейлік әскери қызметкер 1 ақпанда "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы содырларының қолынан оққа ұшқан.

Министрлік әскери қызметкер Сирия армиясына ресейлік қару-жарақты меңгеруіне көмектесіп жүргенін айтады. Әскери қаза тапқан соң марпатқа ұсынылған. Министрлік әзірге әскеридің аты-жөнін және оның Сирияның қай жерінде қаза тапқанын айтпай отыр. Ресей Сирияда қыркүйектің соңында әскери операцияларын бастағалы бері осымен үшінші ресейлік әскери қызметкер қаза тауып отыр.

Түркия елдің әуе кеңістігін бұзды деп Ресей әскери ұшағын атып түсіргенде ұшқышты парашютпен түсіп келе жатқанда оппозицияшыл көтерілісшілер атып тастаған. Ұшақтың екінші ұшқышы тірі қалып, қауіпсіз жерге әкетілген. Бұл операция барысында тағы бір ресейлік әскери де қаза тапқан.

Ресей Сирияға әскери кеңесшілерімен бірге Латакия провинциясындағы Ресей әуе базасын қорғауға да әскер жіберген.

XS
SM
MD
LG