Accessibility links

Тәжікстан Ресейден аударған рубльді сомонимен береді


Душанбедегі ақша айырбастау пункіті алдындағы валюта бағамы көрсетілген тақта (Көрнекі сурет).
Душанбедегі ақша айырбастау пункіті алдындағы валюта бағамы көрсетілген тақта (Көрнекі сурет).

Тәжікстан Ұлттық банкі Ресейден руль арқылы түсетін ақша аударымдары жеке азаматтарға енді тек ұлттық валюта - сомонимен берілетінін мәлімдеді.

Ұлттық банктің түсіндіруінше, бұл шара сомони бағамын қолдау үшін жасалып отыр. Бұған дейін сырттан аударған ақша аударылған валюта күйінде берілетін.

Ұлттық банк басшысы Джамшед Нурмахмадзода өткен жылы Ресейден Тәжікстанға рубльмен аударылған қаржы 2014 жылмен салыстырғанда 3 пайызға артқанын хабарлады. Ал доллармен аударылатын қаржы көлемі 33 пайызға кеміген. Оның сөзінше, 2015 жылы Тәжікстанға түскен ақшаның 95 пайызы Тәжікстаннан аударылған.

Ресми бағам бойынша, 1 рубль 0,1040 сомониды құрайды. Сарапшылар Тәжікстандағы экономикалық жағдай көбінесе Ресей экономикасының жағдайымен анықталатынын айтады.

Соңғы бір жылда сомони кәдімгідей арзандаған. Шетел валютасы тапшылығына байланысты Ұлттық банк елдегі барлық ақша айырбастау пунктерін жабуға шешім шығарған. Енді азаматтар валютаны банк бөлімшелері жанындағы айырбастау орындарынан қара нарықтағы құнынан әлдеқайда төмен бағамда айырбастайды.

XS
SM
MD
LG