Accessibility links

12 ел Транс-Тынық мұхиты серіктестігін құруға келісті


АҚШ-тың Атланта қаласындағы Транс-Тынық мұхөиты серіктестігін құруға қарсылардың акциясы (Көрнекі сурет).

АҚШ-тың Атланта қаласындағы Транс-Тынық мұхөиты серіктестігін құруға қарсылардың акциясы (Көрнекі сурет).

Азия-Тынық мұхиты аймағының 12 мемлекеті 4 ақпанда Жаңа Зеландияда Транс-Тынық мұхиты серіктестігі еркін экономикалық аймағын құру туралы келісімге қол қойды.

АҚШ, Жапония, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, Малайзия, Сингапур, Вьетнам, Перу, Чили, Мексика мен Бруней қол қойған келісім бойынша осы елдер арасындағы саудада салық тарифтерінің көпшілігі жойылады. Келісімге қол қойған елдер бұл тауар айналымы мен экспорттың артуына ықпал етеді деп санайды. Жаңа еркін сауда аймағына Қытай мен Ресей кірмейді. Сауда аймағын құру туралы келіссөзге Қытай шақырылмаған.

Келісімді енді оған қол қойған елдердің парламенттері ратификациялау керек. АҚШ президенті Барак Обама конгресті келісімді барынша тез арада қарауға шақырды. Бірақ конгрес келісімді биыл қарашада өтетін президент сайлауынан кейін ғана талқыламақ ниетте.

"Транс-Тынық мұхиты серіктестігі қарқынды Азия-Тынық мұхиты аймағы үшін аса маңызды 21-ғасырдың жол ережесін жасауды Қытай сияқты елдер емес, АҚШ-тың жасауына мүмкіндік береді" деді Обама.

АҚШ пен келісімге қол қойған кейбір елдерде аймақта еркін сауда аймағын құруға қарсылар да бар. Жаңа Зеландия астанасы Веллингтонда наразылық акциясы өтіп, онда қарсылық танытқандар келісім жұмыс орындарының қысқаруына және мемлекеттің егемендігінің күйреуіне әкеп соқтырады деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG