Accessibility links

ЕО-ны Беларусь билігіне ықпал ете беруге шақырды


Беларусь оппозициялық белсендісі, құқық қорғаушы Алесь Беляцкий.

Беларусь оппозициялық белсендісі, құқық қорғаушы Алесь Беляцкий.

Беларусьтің белгілі құқық қорғаушысы Алесь Беляцкий Еуропа Одағы (ЕО) Беларусь президенті Александр Лукашенкоға адам құқығы мен азаматтық еркіндікті аяққа таптап отырғаны үшін қысым көрсетуін Минск мен Брюссель арасындағы "жылымыққа" қарамастан жалғастыра беруі тиіс деп мәлімдеді.

"Салық төлеуден жалтарды" деген айыппен үш жылдай түрмеде отырып шыққан Беляцкий ЕО мен Лукашенко үкіметі арасындағы жақындасу құр сөзден гөрі нақты нәтижеге қол жеткізетінінен үмітті екенін айтады.

"Біз ЕО-дан Беларусьтегі адам құқығы мен демократияға кең тыныс ашу үшін Беларусь билігіне саяси қысым жасағанын күтеміз" деді Беляцкий Азаттықтың Беларусь редакциясына берген сұхбатында.

Өткен жылдың қазан айында ЕО беларусьтік 170 шенеунік пен үш компанияға салған санкциясын уақытша алып, қара тізімнен шығарған. Санкциялар бірнеше жыл бұрын Минскінің демократиялық және азаматтық институттарды басып-жаншыған саясаты үшін салынған. Санкцияны тоқтату мерзімі 29 ақпанда аяқталады. Санкцияны қайта ұзарту үшін оны ЕО-ға мүше 28 ел түгел қолдауы тиіс.

XS
SM
MD
LG