Accessibility links

Лондонда Сирияға донор елдердің жиыны өтеді


Түркиядағы босқындар лагеріндегі сириялық босқындар. Қыркүйек 2015 жыл.

Түркиядағы босқындар лагеріндегі сириялық босқындар. Қыркүйек 2015 жыл.

Әлемнің жетекші донор елдерінің басшылары бүгін, 4 ақпанда Лондонда Сириядағы бес жылға созылған қақтығыстан зардап шеккендерге 9 миллиард доллар қаржы жинау мәселесін талқылауға жиналады.

Донор елдердің конференциясына 70-ке тарта елдің басшылары келеді деп күтіліп отыр. Жиында Сириямен көршілес елдердегі 4,6 миллион сириялық босқынға көмектесудің экономикалық және гуманитарлық жоспары талқыланбақ.

Ұлыбритания 2020 жылға дейін Сириялық босқындарға жаңа 1,75 миллиард доллар бөлуге уәде берді. АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри де жиында өз елі бөлетін қаржылай көмек сомасын жариялайды.

1 ақпанда Oxfam халықаралық қайырымдылық қоры Сирия дағдарысына араласқан көптеген елдің, оның ішінде Ресейді қақтығыс құрбандарына көмектеспей отыр деп сынаған.

Сирияда 2011 жылы көктемде үкіметке наразылық ретінде басталған жаппай толқулар кейін азаматтық соғысына ұласқан. Бес жылға жуықтаған қақтығыстан БҰҰ дерегі бойынша, 250 мыңнан астам адам қаза тапты.

Донор елдердің конференциясы Женевада басталған Сирия бейбіт келіссөзінде үзіліс жарияланған сәтте өтейін деп тұр.

XS
SM
MD
LG