Accessibility links

Роскомнадзор "Россия 88" фильмін бұғаттан босатты


Павел Бардиннің "РОссия 88" фильмінен көрініс.

Павел Бардиннің "РОссия 88" фильмінен көрініс.

Ресейдің ақпараттық технология және бұқаралық коммуникация саласын қадағалау қызметі (Роскомнадзор) YouTube видеохостингіндегі "Россия 88" фильмін бұғаулау шешімін жойды. Роскомнадзор мұны фильмді экстремистік сипатта деп таппағандықтан жасағанын айтады.

Бұған дейін Нарьян-Маре соты Павел Бардиннің "Россия 88" фильміндегі көріністердің бірін экстремистік деп тапқан. Роскомнадзор 3 ақпанда интернетке жүктелген видеоның жекелеген үзіндісін бұғаттау мүмкін емес болғандықтан фильмді толық бұғаулаған.

"Россия 88" фильмі 2009 жылы шыққан. Фильмде адамды соққыға жығатын үгіт-насихат түріндегі роликтерді түсіріп, оны интернетке жариялайтын неонацистік топтар туралы айтылады.

XS
SM
MD
LG