Accessibility links

БҰҰ: Ассанжды қамауда ұстау заңсыз


Джулиан Ассанж Францияның TF1 телеарнасынан сөйлеп тұр. Лондон, 24 маусым 2015 жыл.

Джулиан Ассанж Францияның TF1 телеарнасынан сөйлеп тұр. Лондон, 24 маусым 2015 жыл.

БҰҰ Wikileaks-тің негізін салған Джулиан Ассанждың Лондондағы британ полициясы күзететін Эквадор елшілігінде қамауда отырғанын заңсыз деп тапты деп хабарлайды BBC. Ассанж 2014 жылы БҰҰ-ға өзінің елшілікте қамалып отыруын заңсыз деп тану туралы шағым берген.

Шағымды қараған БҰҰ-ның заңсыз бас бостандығынан айыру жөніндегі жұмысшы тобы әзірге бұл шешімге қатысты түсінік бермей отыр.

Швеция 44 жастағы Джулиан Ассанжды "зорлық жасады" және "жыныстық қылмыс" жасады деп айыптап, оны қайтаруды талап етеді.

Швеция прокуратурасы 2010 жылы Ассанждың үстінен «жыныстық қылмысқа» қатысты іс қозғаған. 2012 жылдан бері Лондондағы Эквадор елшілігін паналап отырған Ассанж, егер Швеция үкіметі өзін қолға түсірсе АҚШ-қа экстрадициялайды деп қауіптенеді. АҚШ билігі Джулиан Ассанж НАТО-ның Ауғанстандағы және одақтастардың Ирактағы әскери операциялары туралы құпия құжаттарды жариялап, ауыр қылмыс жасаған деп санайды.

XS
SM
MD
LG