Accessibility links

Париждегі терактіні жасаушының ондаған серігі болуы мүмкін


Абдельхамид Абаауд.
Абдельхамид Абаауд.

Париждегі терактілерге қатысты істегі куәгер әйелдің айтуынша, шабуылдарды ұйымдастырған Абдельхамид Абаауд Францияға Еуропа мен Таяу Шығыстан 90 содырдан тұратын топ кіргенін мәлімдеген. Куәгердің аты-жөні құпия ұсталып отыр. Әйелдің өзі куәгерлерді қорғайтын бағдарламада сөйлеген және ақпарат құралдарында "Соня" деп аталып жүр.

42 жастағы куәгер әйел Абдельхамид Абаауд 13 қараша Парижде болған шабуылдан көп адам қаза тапқанына мақтанғанын айтады. Куәгер полицияға терактіден кейін Абааудтың қайда екенін хабарлаған. Айтуынша, Абаауд әпкесіне телефон шалып, өзін жасыруды сұрағанда ол әпкесінің қасында болған. Куәгер Абааудтың кім екенін әпкесі онымен кездесу үшін Париж маңына кеткеннен кейін ғана білген. Полиция куәгерден алынған ақпарат бойынша арнайы операция жүргізіп, Абааудтың көзін жойған.

XS
SM
MD
LG