Accessibility links

"Қадыр-Қасиет": Құқық қорғаушыларға 226 рет доқ көрсетті


"Қадыр-Қасиет" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Анара Ибраева.
"Қадыр-Қасиет" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Анара Ибраева.

Қазақстандық құқық қорғаушылар мен белсенділерге қызметтеріне қатысты жиі қоқан-лоқы мен доқ көрсете бастады деп мәлімдеді бүгін Астанада есебін жариялаған "Қадыр-Қасиет" қоғамдық бірлестігі.

Ұйым мәліметінше, 2015 жылдың тоғыз айында 103 құқық қорғаушы, белсенді, журналист пен ұйымға 226 әр түрлі доқ көрсетіліп, бопса жасалған. Зерттеу бойынша, доқ көрсетудің көбі мемлекеттік орган өкілдері тарапынан болған.

"Қадыр-Қасиет" есебінде белсенділерді қылмыстық жауапкершілікке тартып, құқық қорғаушылар мен адвокаттарға сот шешімдері шығарылғанын және олардың полицияға немесе Ұлттық қаіпсіздік комитетіне тергеуге шақырылғанын айтады.

- Меніңше, биылғы жыл құқық қорғаушыларға доқ көрсету жағынан әдеттегідей болады. Себебі бұл сайлау, экономикалық дағдарыс және биліктің ауысуы кезінде болатын оқиғаларға байланысты. Біз парламенттің қандай болатынын, қандай тенденциялар жүретінін білмейміз. Бірақ шиеленіс қазірдің өзінде байқалып отыр, осыған байланысты азаматтық қоғамның белсенділігі артып барады, - деді "Қадыр-Қасиет" жетекшісі Анара Ибраева.

Ұйым мұндай мониторингті Құқық қорғаушылар қауіпсіздігі мәселесі комитетімен бірге төрт жыл қатарынан жүргізіп келеді.

XS
SM
MD
LG