Accessibility links

Апатқа ұшыраған Ми-2 ұшқышы Таразда қайтыс болды


Жамбыл облысының аумақтық картасы.

Жамбыл облысының аумақтық картасы.

Жұма күні кешкісін Тараз қаласындағы 1-ауруханада 62 жастағы ұшқыш Валерий Михин қайтыс болған. Бұл туралы жергілікті баспасөз құралдары хабарлаған.

Михин Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы аумағында 23 қаңтарда апатқа ұшыраған «Жаңа Әлем әуе компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі иелігіндегі тікұшақты басқарған. Апат салдарынан беті-басы, аяқ-қолын күйік шалып, тыныс жолдарына зақым келген ұшқыш Тараз ауруханасына 24 қаңтарда жеткізілген.

Апаттан кейін бірнеше күннен соң, тікұшақта ұшқыштан басқа бірнеше адам, солардың облыс прокуроры болғаны туралы хабарды ішкі істер министрлігінің көліктегі ішкі істер департаменті растаған. Жамбыл облысындағы тікұшақ апатына байланысты тергеу алды іс қозғалып, арнайы комиссия тексеру жүргізіп жатыр.

Жамбыл облысындағы апаттан кейін, қаңтардың 27-і күні Алматы облысы Үшарал қаласынан науқас баланы Талдықорғандағы ауруханаға әкеле жатқан «Аспан» компаниясына тиесілі тікұшақ құлап, ондағы бес адам түгел мерт болған еді.

XS
SM
MD
LG