Accessibility links

Дания Украинаны реформаларды жеделдетуге шақырды


Дания сыртқы істер министрі Кристиан Йенсен.

Дания сыртқы істер министрі Кристиан Йенсен.

Украина елдің шығысындағы жанжалды реттеуге қатысты Минскіде жасалған келісімдерде көрсетілген реформаларды толық іскер асыру тиіс. Әйтпесе, Еуропа елдеріне Мәскеуге қарсы санкцияны қолдауда ынтымақтастық таныту қиынға соғады. Бұл туралы жұма күні Еуропа Одағы елдері сыртқы істер министрлерінің Амстердамда өткен кездесуінде Дания өкілі Кристиан Йенсен мәлімдеген.

Дания сыртқы істер министрінің сөзінше, Айварас Абромавичустің экономикалық даму және сауда министрі қызметінен отставкаға кетуі Украинаның реформаларды жүзеге асыруына Еуропаның көмегі жеткіліксіз болып отырғанын көрсетеді.

Минск келісімдеріне сәйкес, Украина билікті орталықсыздандыру бойынша конституциялық заң өзгерістерін қабылдауы тиіс.

Қырымды аннексиялағаны және «Донбастағы сепаратистерге қарулы қолдау көрсетіп отырғаны» үшін Ресейге қарсы Батыс елдері салған санкциялар мерзімі биыл шілде айында аяқталмақ.

Мәскеу өзіне тағылған айыпты үзілді-кесілді жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG