Accessibility links

ЕО: мигранттарға қарсылар мен қолдаушылар акциялары өтті


Прагада PEGIDA қозғалысын жақтайтындар мен босқындарға қолдау танытушылар шеруі өзара қақтығысқа ұласқан. 6 ақпан 2016 жыл.

Прагада PEGIDA қозғалысын жақтайтындар мен босқындарға қолдау танытушылар шеруі өзара қақтығысқа ұласқан. 6 ақпан 2016 жыл.

Сенбі күні Еуропаның көптеген қалаларында Еуроодақ аумағына мұсылман мемлекеттерінен келіп жатқан мигранттарға қарсылар және босқындарға толеранттық танытуды қолдайтындар шерулер өткізді. Чехия, Дания, Франция мен Германиядағы бұқаралық акциялар кезінде қарама-қайшы пікірдегілер бір-бірімен қақтығысып қалған.

Прагада германиялық PEGIDA қозғалысын жақтайтын жүздеген адам босқындарға қолдау білдіріп шеруге шыққандармен қақтығысқан. DPA агенттігінің хабарлауынша, екі жақ бір-біріне бөтелкелер, файерлер лақтырған.

Дания астанасында полиция PEGIDA қозғалысы шеруіне қатысқан бірнеше адамды ұстаған.

Францияда Кале қаласында құқық қызметкерлері жергілікті биліктің келісімін алмай шеруге шыққан PEGIDA қозғалысының жүзден астам белсендісін тарату үшін көзден жас ағызатын газ шашқан.

Германияның Веймар қаласында оңшыл радикалдар шеруіне жүз елуге жуық адам қатысса, неонацистерге қарсы шеруге мыңнан аса адам шыққан, олардың бірнешеуі қақтығыста зардап шеккен. Екі жақтан да тәртіпсіздіктерге ондаған адам қатысып, полиция қылмыстық іс қозғаған.

Мұсылман мигранттарға қарсы ең көлемді акция Германияның Дрезден қаласында өткен. PEGIDA қозғалысын жақтайтын сегіз мыңға жуық адамға босқындардың неміс қоғамына кірігуін жақтайтын үш мыңдай адам қарсы тұрған. Көшедегі екі мыңдай полицияның арқасында қақтығысқа жол берілген жоқ деп хабарлайды Deutsche Welle ақпарат құралы.

XS
SM
MD
LG