Accessibility links

Ресей: Сенцов пен Кольченконы Ростовтан этаппен әкеткен


Сот үкімі оқылып болған соң Олег Сенцов (сол жақта) пен Александр Кольченко бірге Украина әнұранын шырқап тұр. Дондағы Ростов, Ресей, 25 тамыз 2015 жыл.

Сот үкімі оқылып болған соң Олег Сенцов (сол жақта) пен Александр Кольченко бірге Украина әнұранын шырқап тұр. Дондағы Ростов, Ресей, 25 тамыз 2015 жыл.

Украиналық режиссер Олег Сенцов пен белсенді Александр Кольченко Ресейдің Дондағы Ростов қаласындағы тергеу абақтысынан 4 ақпан күні этаппен жөнелтілген. Бұл туралы Азаттықтың Орыс қызметіне түскен ақпаратқа сәйкес, Сенцов қазір Самара қаласында абақтыда отыр, оны Иркутск облысындағы түзеу колониясына жазасын өтеуге жібермек. Ал Воронеж абақтысына апарылған Кольченко сол жерден Челябинск облысына жөнелтіледі деп хабарланды.

Кольченконың адвокаты Светлана Сидоркинаның айтуынша, ол қазір Ресейдің жазаны орындау федералдық қызметі (ФСИН) Ростов облыстық басқармасынан украиналық азаматтардың этаппен жіберілгенін растайтын және сотталғандарды нақты қай колонияға жібергені туралы ақпарат тосып отыр.

2015 жылы 25 тамызда Ресейдің Дондағы Ростов қаласында Солтүстік Кавказ әскери соты украиналық режиссер Олег Сенцовты 20 жылға және қырым белсендісі Александр Кольченконы – 10 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған. Оларға Симферопольдегі Ленин ескерткішін жармақ болып дайындалған және «Қырымдағы орыс қауымдастығы» мен «Единая Россия» партиясы кеңселерін өртемекші болған деген айыптар тағылған.

Ресейлік «Мемориал» құқыққорғау ұйымы украиналық бұл екі азаматты саяси тұтқын деп таныған.

XS
SM
MD
LG