Accessibility links

Ресейде Ан-2 ұшағы құлап, үш адам мерт болған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресейдің Орынбор облысында сенбі күні Ан-2 ұшағы апаты салдарынан ондағы үш адам түгел мерт болған.

Ресей тергеу комитетінің аймақтық басқармасының мәліметі бойынша, 6 ақпанда Стерлитамак қаласы әуежайынан Стерлитамак-Акъяр-Орск-Акъяр бағытындағы мұнай құбырының бойындағы жағдайды бақылауға ұшып шыққан ұшақпен байланыс жергілікті уақытпен сағат 12:46 кезінде жоғалып кеткен. Арада бірнеше сағат өткенде құтқарушылар жерден ұшақ сынықтарын тапқан.

Апат салдарынан онда болған үш адам – ұшақ командирі, екінші ұшқыш және мұнай компаниясының өкілі қаза болған.

Ұшақ апатына техникалық ақау, қозғалыс қауіпсіздігі мен ұшақты пайдалану ережелерін сақтамау, сондай-ақ қолайсыз ауа райы себеп болуы ықтимал деген алдын ала болжам айтылып отыр.

XS
SM
MD
LG