Accessibility links

Пан Ги Мун Пхеньянның зымыран ұшыруын «арандатуға» балады


Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынды көрсетіп тұрған теледидар экраны алдынан өтіп жатқан адамдар. Токио, Жапония, 7 ақпан 2016 жыл.

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынды көрсетіп тұрған теледидар экраны алдынан өтіп жатқан адамдар. Токио, Жапония, 7 ақпан 2016 жыл.

Солтүстік Кореяның алыс қашықтыққа арналған зымыран ұшыруы халықаралық ядролық қауіпсіздікке байланысты алаңдаушылықты күшейтті.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Солтүстік Кореяның зымыран ұшырғанына қатты қынжылыс туғызғанын айтып, Пхеньян «арандатуды доғаруы тиіс» деген. АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапонияның өтініштері бойынша бүгін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысы шақырылған. Жабық есік жағдайында өтетін кездесуде Солтүстік Кореяға қарсы халықаралық санкцияларды кеңейту жайы талқыланбақ.

Бүгін таңертең Солтүстік Корея мемлекеттік телеарнасы ел басшысы Ким Чен Ынның бұйрығы бойынша «Кванмёнсон-4» жасанды жер серігін тиеген зымыран ғарышқа сәтті ұшырылғаны, спутник Жерді әр 94 минут сайын айналып шығатыны туралы хабарлаған.

Оңтүстік Корея мен АҚШ әскерилері Солтүстік Кореяның зымыран ұшыруының шынайы мақсаты – ядролық оқтұмсықты құрлықаралық баллистикалық зымыранмен нысанаға жеткізуді көздейді деп санайды. Вашингтон Пхеньянның бұл ісіне тұрақсыздық тудыратын арандату әрекеті деп баға берген.

XS
SM
MD
LG