Accessibility links

Тайвань: табиғи апаттан 26 адам мерт болған


Тайнань қаласында жер сілкінісінен қираған 17 қабатты үйдің орнында жүрген құтқарушылар. Тайвань, 6 ақпан 2016 жыл.
Тайнань қаласында жер сілкінісінен қираған 17 қабатты үйдің орнында жүрген құтқарушылар. Тайвань, 6 ақпан 2016 жыл.

Тайвань аралының оңтүстігінде жер сілкінісі салдарынан қаза болғандар саны 26 адамға жетті. Жергілікті биліктің хабарлауынша, олардың 24-і – жер сілкінісі салдарынан құлаған 17 қабатты тұрғын үй кешенінің тұрғындары. Бұл кешен 1989 жылы тұрғызылған.

Билік орындарының жексенбі күні таңертең жариялаған мәліметі бойынша, жер сілкінісінен кейін 170-тен аса адам құтқарылған.

Табиғи апат болған жерде іздеу-құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Қираған ғимарат астында жүзден аса адам қалып қойған деген болжам бар.

Тайваньда сенбі күні жергілікті уақытпен таңғы сағат төртке қарай 6,4 магнитудалы жер сілкінісі болған. Екі миллион адам тұратын Тайнань қаласында бірнеше ғимарат құлап, кейбірінің астында адамдар қалып қойған.

XS
SM
MD
LG