Accessibility links

Павлодар алюминий зауытында жұмысшы қаза болған


Павлодар облысы картасы.

Павлодар облысы картасы.

Павлодар алюминий зауытында төтенше оқиға салдарынан жұмысшы қаза болған. Бұл туралы облыстық еңбек басқармасына сілтеме жасап Tengrinews сайты хабарлады.

«Сенбі күні сағат 02:40 кезінде зауыттағы гидрометаллургия цехында резервуарды тазалап жатқан жұмысшының үстіне қалдықтар төгіліп, оны басып қалған. 42 жастағы жұмысшы сол жерде қайтыс болған» деп хабарлаған облыстық еңбек басқармасы.

Қазір зауыттағы төтенше оқиғаның себебін арнайы құрылған комиссия анықтап жатқаны айтылады.

Бұған дейін, қаңтардың 4-і күні, Павлодардағы «Нефтехим LTD» компаниясында жұмыс алаңында өрт шығып, соның салдарынан үш адам қаза болған еді.

XS
SM
MD
LG