Accessibility links

Херсондағы Межилис кеңсесінде жарылғыш зат іске қосылған


Межилис жетекшілері Рефат Чубаров (оң жақта) пен Мустафа Жемилев Қырым татарларының дүниежүзілік конгресінде.

Межилис жетекшілері Рефат Чубаров (оң жақта) пен Мустафа Жемилев Қырым татарларының дүниежүзілік конгресінде.

Украинаның Херсон қаласында Қырым татарлары Межилисі кеңсесінде болған жарылыс орнынан РГД-5 гранатасының жарықшақтары табылған деп хабарлады Азаттықтың Қырым редакциясы облыстық полиция басқармасына сілтеме жасап. Оқиға орнынан тергеу тобы жинастырған материалдар Украина қауіпсіздік қызметінің аймақтық басқармасына тапсырылған. Алдын ала болжам бойынша, жарылыс теракт деп бағаланып отыр.

Межилис кеңсесінде жарылғыш зат іске қосылғаны туралы хабар жексенбіге қараған түні түскен. Жарылыс ғимарат жертөлесінің есігін орнынан жұлып тастаған. Адамдар зардап шекпеген.

Қырым татарлары Межилисі төрағасы Рефат Чубаров Facebook әлeуметтік желісіндегі жазбасында бұл оқиғаны Украинаның оңтүстігіндегі жағдайды шайқалтуға бағытталған «ресейшіл күштердің қасақана жасаған арандатуы» деп бағалайтынын айтқан.

XS
SM
MD
LG