Accessibility links

Испания: Терроризмге күдікті 7 адам ұсталды


Испания полициясы терроризмге күдіктіні ұстап әкетіп барады. Каталония, сәуір 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Испания полициясы терроризмге күдіктіні ұстап әкетіп барады. Каталония, сәуір 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Испания полициясы "Ислам мемлекеті" (ИМ - Қазақстанда тыйым салынған) экстремистік тобымен және "Әл-Қаида" ұйымымен байланысы бар деген күдікпен жеті адам тұтқындады. Ұсталғандандың барлығы Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка аймақтарынан шыққан. Олардың бесеуінде испан төлқұжаты бар.

Испания ішкі істер министрі Хорхе Фернандес Диастың айтуынша, күдіктілер 7 ақпанда елдің шығысындағы Валенсия және Аликанте провинциясынан және солтүстіктегі Сеута анклавынан ұсталған. Полиция "күдіктілер Сирия мен Ирактағы содырларды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етумен айналысқан" дейді. Тергеу мәліметі бойынша, олар гуманитарлық көмек деп ақша, қару-жарақ, компьютерлік жабдықтар мен жарылғыш заттар алып отырған.

Полиция күдіктілерді тергеу екі жыл бұрын басталғанын айтады.

2015 жылы Испанияда экстремистік ұйымдармен байланысы бар деген күдікпен 102 адам ұсталған.

XS
SM
MD
LG