Accessibility links

Ресей үкіметі банктер мәселесін талқылайды


Ресей үкіметі 2016 жылғы экономикалық даму жайын талқылап отыр. Мәскеу, 2 ақпан 2016 жыл.
Ресей үкіметі 2016 жылғы экономикалық даму жайын талқылап отыр. Мәскеу, 2 ақпан 2016 жыл.

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев 8 ақпан күні үкімет мүшелерімен және елдегі жетекші банк басшыларымен кездесіп, Ресейдің банк жүйесін қолдау шараларын талқылайды.

Жиынға бірінші вице-премьер Игорь Шувалов, қаржы министрі Антон Силуанов, экономикалық даму министрі Алексей Улюкаев және Орталық банк басшысы Эльвира Набиуллина мен бірнеше банк басшылары қатысады.

Жиында Ресейдегі ипотекалық несие нарығын қолдау, оның ішінде шетел валютасында берілген несиелерді қайта қаржыландыру шаралары талқыланбақ.

6 ақпанда Медведев "Единая Россия" партиясының съезінде ипотекалық несиені субсидиялау бағдарламасын ұзартуды қолдайтынын айтқан. Медведев бағдарламаны ұзарту "бюджет шығындарын едәуір ұлғайтуды қажет ететінін" мойындаған.

Қаңтар айында Улюкаев Ресей әлемде мұнай бағасының арзандауынан экономикаға келген шығынның орнын жабу үшін мемлекеттік банк активтерін сатуды ойластыруы қажет деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG