Accessibility links

Тайвань: Зілзаладан екі адам құтқарылды


Тайнаньдағы зілзаладан құтқару операциясы. Тайвань, 6 ақпан 2016 жыл.
Тайнаньдағы зілзаладан құтқару операциясы. Тайвань, 6 ақпан 2016 жыл.

Тайваньда құтқарушылар Тайнань қаласында болған жер сілкінісінде құлаған үйдің қирандылары астынан тірі қалған екі адам - ер мен әйелді алып шықты.

Тайвань билігінің 8 ақпан күні хабарлауынша, құлаған көп қабатты ғимарат үйінділері астында әлі 100-ге тарта адам қалып қоюы мүмкін.

Екі адамның құтқарылуы құтқарушылардың үйінділер астынан әлі де тірі қалғандарды шығаруға болады деген үмітін оятқан.

Бірақ Тайнань мэрі Лай-Чин-тэ жоғалғандардың көбі үйіндінің ең астында, терең қабатында қалып кетуі мүмкін дейді.

6 ақпан күні Тайнаньда қуаты 6,4 магнитудалы жер сілкінісі болып, қалада бірнеше ғимарат, оның ішінде 17 қабатты тұрғын үй қираған. Зілзаладан қазірге дейін 36 адам қаза тауып, 500-ге тарта адам зардап шеккен.

Билік 17 қабатты ғимаратты салғандарға қатысты қылмыстық тергеу бастады.

XS
SM
MD
LG