Accessibility links

Меркель Анкарада Ердоғанмен кездеседі


Германия канцлері Ангела Меркель.
Германия канцлері Ангела Меркель.

Германия канцлері Ангела Меркель ресми сапармен бүгін Анкараға барды. Ол бүгін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен және премьер-министрі Ахмет Давутоглумен кездеседі. Еуропа Одағы (ЕО) Анкараны сириялық босқындарға бір жағынан шекарасын ашуға моральдық тұрғыдан міндетті десе, екінші жағынан Еуропаға баратын босқындар ағынын тежеуді талап етеді.

Сирия президенті Башар Асад армиясы Алеппо қаласы маңында Ресей авиациясының қолдауымен шабуылдап жатыр. Қақтығыстан 35 мыңға тарта сириялық бассауғалап Түркиямен шекараға барып тұр. Түркия босқындарға көмектесетінін мәлімдегенімен, шекарасын әлі ашқан жоқ. Гуманитарлық ұйымдар "қиын жағдайда" қалып отырғанын айтады.

Еуропаға баратындардың көпшілігі Түркияны басып өтеді.

ЕО бұған дейін Түркияға босқындарды Еуропаға жібермеу үшін 3,3 миллиард доллар қаржылай көмек беруге уәде еткен.

XS
SM
MD
LG