Accessibility links

Азаттық тілшісі Қырғызстан шекарасында ұсталды


Бободжон Гафуров ауданы.
Бободжон Гафуров ауданы.

8 ақпан күні Азаттық радиосының Тәжік қызметі – Радио Озодидің тілшісі Маъсуми Мухаммадраджабты Қырғызстан шекарашылары тұтқындады.

Тілші Бободжон Гафуров ауданының Овчи-Калъача елді мекенінде жергілікті тұрғындардың үйлеріне Қырғызстан туын іліп қою оқиғасын зерттеуге барған. Шекара қызметінің баспасөз хатшысы Гульмира Барубаеваның сөзінше, Маъсуми Мухаммадраджаб мемлекеттік шекараны бұзғаны үшін ұсталған.

«Ол мемлекеттік шекараны өткізу пунктінен өзге жерден кесіп өткен. Визасыз режим болған күннің өзінде, мемлекеттік шекараны азаматтар өткізу пункті арқылы кесіп өтуі тиіс. Бұл әкімшілік заң бұзушылық болғандықтан, хаттама толтырылғаннан кейін тілші босатылады» деді Гульмира Барубаева.

Ақпанның 6-сы күні Қырғызстан шекарашылары Овчикалъача ауылы тұрғындарының үйлеріне, «бұл территория Қырғызстанның жері» деген негізбен, Қырғызстан туын іліп кеткен. Тәжікстанның Бободжон Гафуров ауданының Овчикалъача ауылы Қырғызстанның Баткен облысының Кулунды елді мекеніне тиіп тұр. Бұл жер даулы территорияға жатады. Қырғызстан мен Тәжікстан бұл жерді өздерінікі деп санайды.

XS
SM
MD
LG