Accessibility links

Канада ИМ-ге қарсы әуе шабуылын тоқтатады


Канада премьер-министрі Джастин Трюдо.

Канада премьер-министрі Джастин Трюдо.

Канда премьер-министрі Джастин Трюдо "Канада Ирак пен Сирияда "Ислам мемлекеті" (ИМ - Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым - ред.) содырларына қарсы әуе шабуылдарын тоқтатып, бұл елдердегі алты жойғыш ұшағын алдағы екі аптада қайтарады" деп мәлімдеді. Оның сөзінше, әуе шабуылдары 22 ақпан күні тоқтатылғанымен, аймаққа кеңесші және жаттықтырушы ретінде жіберілген канада әскерінің саны 650-ден 830 жауынгерге дейін көбейеді.

Канада бұған қоса, екі барлаушы ұшағы мен әуеде жанармай құятын бір ұшағын қалдырады.

Трюдоның сөзінше, Ирак пен Сирияда әуе шабуылымен ғана тұрақтылықты жылдам орнату мүмкін емес. Канада үкіметі бұған қоса, Таяу Шығысқа гуманитарлық көмек және дамуына септесу үшін 718 миллион доллар қаржы бөлуге уәде етті.

Джастин Трюдо үкімет басына 2015 жылдың қазан айында келген. Сайлауалды кампаниясында ол Канаданың Ирак пен Сириядағы әуе шабуылын тоқтатуға уәде берген.

XS
SM
MD
LG