Accessibility links

Алматыда тілші Юлия Козлованың соты басталды


"Есірткі сақтады" деп айыпталған журналист Юлия Козлова. Алматы, 9 ақпан 2016 жыл.

"Есірткі сақтады" деп айыпталған журналист Юлия Козлова. Алматы, 9 ақпан 2016 жыл.

Алматының Бостандық аудандық сотында бүгін Nakanune.kz сайтының журналисі Юлия Козлованың үстінен қолғалған іс бойынша сот басталды. Козловаға қылмыстық кодекстің 296-бабының 2-бөлімі бойынша ("есірткі, психотроптық заттарды заңсыз әзірлеу, өңдеу, сатып алу, сақтау, сату мақсатынсыз тасымалдау") айып тағылған. Юлия Козлова өзіне қарсы істің саяси астары бар деп санайды.

Алматы полициясы 18 желтоқсан күні "Казкоммерцбанк" туралы "тапсырыспен жазылған" мақалаларды жариялау туралы іс бойынша Nakanune.kz сайтының редакциясына, сайт иесі Гузяль Байдалинова мен Юлия Козлованың пәтерлеріне тінту жүргізген. Тінту кезінде полицияның Козлованың үйінен "есірткі затына ұқсас" шөп тапқаны хабарланған. Тергеушілер тағайындаған сараптама қорытындысы бойынша табылған шөп "есірткі" деп жарияланған. Ал "Әділ сөз" баспасөзді қорғау ұйымының тәуелсіз сараптамасы нәтижесі мұны жоққа шығарғанын айтады.

Бүгін судья Людмила Бектемірова Козлованың адвокатының сот тыңдауына ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуына рұқсат ету туралы өтінішін ішінара қанағаттандырды. Судья журналистерге соттан аудио және видео жазба түсіруге рұқсат еткенімен, суретке түсіруге тыйым салды. Прокурор Марат Нұсқабаев айыптау актісін оқыды. Ол бойынша әуелі тінтуге куәгер болған адамдар, сосын сотталушылар сұралады. Бұдан соң сот материалдары зерттеліп, айыпталушыны қорғайтын куәгерлер сөйлейді.

Бүгін іс бойынша тінтуге куә болды деген екі адам сотқа келген жоқ. Судья 15 ақпанға белгіленген келесі сот отырысында олардың міндетті түрде келуін қамтамасыз етуді сұрады.

XS
SM
MD
LG