Accessibility links

Қырғызстанда күйеуі өртеген әйел қайтыс болды


Нарындағы аурухана дәлізі (Көрнекі сурет).
Нарындағы аурухана дәлізі (Көрнекі сурет).

Қырғызстанның солтүстігіндегі Нарын қаласында күйеуі өртемек болып, қатты күйікпен ауруханаға түскен 22 жастағы әйел қайтыс болды деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз редакциясы.

Нарын облыстық ауруханасының бас дәрігері Мұратбек Атбаевтың Азаттыққа айтуынша, бұл әйелдің күйеуі, әйелімен бірге өзін де өртемек болған 27 жастағы ер адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Атбаевтың сөзінше, денесінің 65-70 пайызын күйік шалған әйел 8 ақпан күні есін жимаған күйі жан тапсырған.

5 ақпан күні кешке Нарындағы туристік фирмалардың бірінде ер адам өзі мен әйелін өртеп, екеуі бірдей ауруханаға түскен. Күйеуінің денесінің 40 пайызын күйік шалған.

Оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG