Accessibility links

БАҚ: Ресейде Түркия капиталы бар банкті сатпақ


Көрнекі сурет

Көрнекі сурет

Ресейде Түркия капиталы бар ең ірі "Кредит Европа банкі" Мәскеу мен Анкара арасындағы қарым-қатынас нашарлағандықтан және Ресейдегі экономикалық жағдайға байланысты сатуға қойылды.

Ресейлік "Коммерсант" басылымының банктегі дереккөзіне сілтема жасап хабарлауынша, сатып алушыны іздеу қаңтарда басталған. Тағы бір дереккөзі сатып алушыны Morgan Stanley инвестициялық банкі іздеп жатқанын айтқан. Банкті сатуда капиталға аздап дисконт жасау талқыланып жатыр.

"Кредит Европа банкі" Ресейде актив көлемі бойынша 52-орында тұрған банк. Банктің 2015 жылы тапқан таза табысы бір милилард рубльді құраған. Банк Ресейде 1994 жылдан бері жұмыс істейді.

2015 жылдың қарашасында Түркия Сириямен шекарасы маңында Ресейдің Су-24 ұшағын атып түсіргеннен кейін Мәскеу мен Анкараның арасындағы қарым-қатынас нашарлап кеткен. Осыдан кейін Ресей Түркияға экономикалық санкциялар салып, Анкарамен визасыз режимді бұзған.

XS
SM
MD
LG