Accessibility links

Сеул зымыраннан қорғаныс жүйесін орнатуды талқылайды


Солтүстік Корея ұшырған зымырандардың бірі (Көрнекі сурет).

Солтүстік Корея ұшырған зымырандардың бірі (Көрнекі сурет).

АҚШ қорғаныс министрлігі Сеулмен Оңтүстік Кореяға озық зымыраннан қорғаныс жүйесін орнату жөнінде келіссөз бастайтынын растады.

Солтүстік Корея 7 ақпанда ғарышқа жер серігін тиеген алыс қашықтыққа арналған зымыран ұшырған соң АҚШ пен Оңтүстік Корея әскерилері Жоғары атмосферада орта қашықтықтағы зымыраннан қорғаныс жүйесін (THAAD) құру туралы келіссөз бастайтынын хабарлаған.

"Мерзімі жетпегеніне қарамастан, біз мұның тезірек орнатылғанын қалаймыз" деді Пентагонның баспасөз хатшысы Питер Кук.

7 ақпанда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі төтенше жиын өткізіп, Пхеньянның зымыран ұшыруын қатаң айыптаған. Қауіпсіздік кеңесі бұған қоса Пхеньянға қарсы қосымша жаңа санкциялар салатынын мәлімдеген.

Қаңтар айында Солтүстік Корея сутегі бомбасын сынақтан өткізгенін хабарлаған.

XS
SM
MD
LG