Accessibility links

Абромавичус Украина антикоррупция бюросына ақпарат бермек


Украинаның бұрынғы экономика министрі Айварас Абромавичус.

Украинаның бұрынғы экономика министрі Айварас Абромавичус.

Украинаның бұрынғы экономика министрі Айварас Абромавичус антикоррупциялық ведомствоға үкімет жұмысына бірқатар ықпалды тұлғалар мен компаниялардың килігіп отырғаны туралы ақпаратты тапсыратынын хабарлады. Бірнеше күн бұрын ол қызметінен кетіп, үкімет отставкаға кетуге шақ қалған еді. Таяу уақытта Абромавичус тергеушілерге жауап беруі тиіс.

Литвалық Абромавичус - Украина президенті Петр Порошенко экономиканы көтеру үшін үкіметке қызметке шақырған бірнеше шетелдіктің бірі. Бірақ коррупцияны, бизнесті заңсыз қорғаштау мен басқа да заңсыз істерді жою жөіндегі жұмыстар тым баяу жүріп, ол Украинаның өз ішінде де, шетелде де наразылыққа ұшыраған.

Отставкаға кету туралы өтініш білдіргенде Абромавичус ықпалды олигарх әрі Порошенко партиясының мүшесі Игорь Кононенконы жеке атаған. Оның пікірінше, Кононенко үкімет пен мемлекеттік компаниялардың басшылығына өз адамдарын орналастыруға тырысады. Бірақ Кононенко айыпты "мүлдем ақылға сыймайды" деп жоққа шығарды.

Киевте өткен баспасөз конференциясында Абромавичус журналистерге Украина ұлттық антикоррупциялық бюросына беретін көптеген айғақ жинағанын айтты.

XS
SM
MD
LG