Accessibility links

Дюмин: Януковичті құтқаруға қатысым жоқ


Ресейдің Тула облысының губернаторы қызметін атқарушы Алексей Дюмин.
Ресейдің Тула облысының губернаторы қызметін атқарушы Алексей Дюмин.

Ресейдің Тула облысының губернаторы қызметін атқарушы Алексей Дюмин Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичтің 2014 жылы ақпанда Ресейге қашып келуін ұйымдастыруға өзінің қатысы барын жоққа шығарды. Бұл туралы ол "Коммерсант" басылымына сұхбатында айтты. Дюминнің сөзінше, ол Януковичтің қашып келуін ұйымдастыру туралы "аңыздың" қайдан алынғанын және оны кім құрғанын түсінбейді.

Дюмин Януковичті Украинада үкіметке қарсы толқу басталғалы бері бір де бір рет көрмегенін айтқан. Ол бұған қоса өзінің Қырымды аннексиялап алу операциясына қатысы барына қатысты түсінік беруден және Сочидегі олимпиада кезінде бас барлау басқармасынің элиталық бөлімі құрамында қызмет еткені туралы айтудан бас тартқан. Дюмин тек бөлімді басқарғанын мойындаған.

3 ақпанда "Коммерсант" Ресей қарулы күштері бас штабына жақын дереккөзіне сілтеме жасап, Дюмин Януковичті Ресейден алып шығу операциясын дайындағаны туралы хабарлаған. Басылым бұған қоса Дюминнің жасырын бөлімі Қырымды Ресейге қосу операциясында маңызды рөлдердің бірін атқарғанын жазған. Басылым дерегінше, бұл оқиғалардан соң Ресей президенті Владимир Путиннің тапсырмасы бойынша Дюмин қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалған.

Алексей Дюмин Тула облысының бұрынғы губернаторы отбасы жағдайына байланысты қызметтен кеткен соң 2 ақпанда оның уақытша губернатор болған.

Путинмен бұрыннан серік Дюмин Федералдық күзет қызметінде президенттің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен айналысқан.

XS
SM
MD
LG