Accessibility links

"Болотный ісімен" сотталған тағы бір адам түрмеден шықты


"Болотный ісі" бойынша сотталып, бостандыққа шыққан Александр Марголин.

"Болотный ісі" бойынша сотталып, бостандыққа шыққан Александр Марголин.

Ресейде "Болотный ісі" бойынша сотталған Александр Марголин бостандыққа шықты. Бүгін ол жазасын өтеген Рязан облысындағы түрмеден босады деп хабарлады "Медиазона" сайты.

29 қаңтарда сот Марголиннің өзін шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырған. Прокуратура Марголиннің адвокатының оны босату туралы өтінішін қолдаған.

Александр Марголин 2013 жылы ақпанда ұсталып, "Болотный ісі" бойынша тұтқындалған 21-адам болған. 2014 жылы 18 тамызда сот оны полиция қызметкеріне қол көтерді деген айыппен үш жарым жылға соттап, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеуге үкім кескен.

"Болотный ісі" бойынша қылмыстық іс 2012 жылы 6 мамырдағы "Миллиондар маршы" биліктің мәлімдеуінше "жаппай тәртіпсіздікпен" аяқталған соң қозғалған. Қазір бұл іс бойынша 33 адам қамауда отыр. Құқық қорғаушылар "Болотный ісінің" саяси астары бар деп санап, ол бойынша сотталғандарды "саяси тұтқындар" деп таныған.

XS
SM
MD
LG