Accessibility links

Қазақстан футзалдан Еуро-2016-ның жартылай финалында


"Қайрат" футзал командасының ойыншылары бапкерлері Какауға құрмет көрсетіп жатыр. Грузия, Тбилиси, 28 сәуір 2013 жыл.

"Қайрат" футзал командасының ойыншылары бапкерлері Какауға құрмет көрсетіп жатыр. Грузия, Тбилиси, 28 сәуір 2013 жыл.

Футзалдан Қазақстан құрама командасы Сербияда Италия құрамасын 5:2 есебімен ұтып, Еуропа біріншілігінің жартылай финалына шықты. 9ақпанда өткен ойында Қазақстан құрамасы сапынан Лео екі рет гол соқты. Одан кейінгі голдарды Жаманқұлов, Есенаманов және Нұрғожин соқты. Италия командасы 2014 жылы футзалдан Еуропа чемпионы болған.

11 ақпанда Қазақстан командасы Испания командасымен кездеседі. Қазақстан командасы бұл матчты ойынды кешіктіргені үшін аластатылған негізгі қақпашы Игитасыз өткізеді.

Бұл күні басқа ширек финал матчында Ресей Әзербайжан командасын ұтты. Жартылай финалда Ресей командасы Сербиямен ойнайды.

Қазақстан командасы Еуропа біріншілігінің финалдық ойынына бірінші рет шығып отыр. Футзалдан Қазақстан құрама командасын бразилиялық бапкер Какау жаттықтырады.

XS
SM
MD
LG