Accessibility links

Касьянов: Бір топ адам балағаттап, торт лақтырды


Ресейдің оппозицияшыл саясаткері Михаил Касьянов.

Ресейдің оппозицияшыл саясаткері Михаил Касьянов.

Ресейлік оппозицияшыл саясаткер Михаил Касьяновтың сөзінше, Мәскеудегі мейрамханалардың бірінде кешкі ас ішіп отырғанда оған бір топ ер адам торт лақтырып, шабуылдаған. Белгісіз екі адам Касьяновқа келіп, оның саяси көзқарастарын қаралап, сосын бетіне торт лақтырған. Касьяновтың ПАРНАС партиясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, мейрамхана қауіпсіздік қызметкерлерінің араласқанына қарамастан шабуылдағандар оқиға орнынан бір топ адам болып төрт көлікке мініп қашып кеткен. Касьянов оқиғадан зардап шекпеген.

Бір кездері Ресей үкіметін басқарып, кейін оппозиция қатарына өткен Касьянов "Коммерсант" басылымына полицияға арыз жазғанын, себебі оқиғаны "өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндіру" деп санайтынын айтты. Касьяновтың бірқатар жақтасы шабуылдағандарды Шешенстаннан шыққандар деп санайтынын хабарлады.

Өткен аптада Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Instagram-да Касьянов пен оның саяси серіктерін мерген мылтығының "нысанасына алған" видео жариялаған. Касьяновтың пікірінше, шабуыл өзінің билікті бұл видеоға қатысты тергеу жүргізуді талап етуімен байланысты.

XS
SM
MD
LG