Accessibility links

Әлемде мұнай бағасы сәл арзандады


Калифорния штатындағы мұнай бұрғысы, АҚШ (Көрнекі сурет).
Калифорния штатындағы мұнай бұрғысы, АҚШ (Көрнекі сурет).

Нью-Йорк қор биржасында 9 ақпан күні кешке АҚШ-та өндірілетін мұнай баррелінің бағасы 6 пайызға арзандап, 27 доллар 94 центке дейін түсті. Brent маркалы мұнай баррелі 30 доллар 32 центке (8 пайыз) дейін арзандады.

Мұнай бағасының арзандауына мұнай өндірушілер үшін қолайсыз болжам жасау себеп болды. Халықаралық энергетикалық агенттіктің (ХЭА) айы сайынғы есебінде қаңтар айында ОПЕК-ке мүше елдерде мұнай өндіру көлемі күтпеген жерден артқаны және әлем бойынша мұнай сақтау қоймаларында мұнай артығымен бары айтылған. Бұған қоса Кувейт пен Иран биыл мұнай өндіру көлемін арттыратынын да хабарлады. Мұнай бағасына кері әсер ететін тенденцияларды ескерген ХЭА сарапшылары Brent маркалы мұнай баррелінің болжамды жылдық орташа бағасын 37 доллар 52 центке дейін түсірді. Бұл бір ай бұрын жасалған болжамнан үш долларға арзан.

Сарапшылардың көпшіліг таяу уақытта мұнай бағасы 20 долларға дейін арзандауы мүмкін деп болжайды. Goldman Sachs инвестициялық банкі 9 ақпанда егер мұнай сақату қоймалары толып кетсе мұнай бағасы тіпті бұдан да арзандауы мүмкін деп болжаған.

XS
SM
MD
LG