Accessibility links

"Талибан" басшыларының бірі көз жұмғанын хабарлады


Кандагардағы мешіт, Ауғанстан (Көрнекі сурет).

Кандагардағы мешіт, Ауғанстан (Көрнекі сурет).

"Талибан" қозғалысы жетекшілерінің бірі, қатерлі ісікке шалдыққан Мулла Мухаммад Хасан Рахмани қайтыс болғанын мәлімдеді. Қозғалыс 9 ақпанда таратқан мәлімдемесінде Хасан Рахманидің қай жерде көз жұмғанын айтпады. Содырлар арасындағы дереккөздің хабарлауынша, Хасан Рахмани "Талибанның" жетекші құрамы орналасқан Пәкістанның Кветта қаласында қайтыс болған.

50-ден асқан, "Талибанның" басқарушы құрамына кіретін Рахманидің өлімі талибтер мен ауған үкіметі арасындағы бейбіт келіссөзге кері әсер етуі мүмкін. Өткен жылы Кабул билігі өкілдері талибтермен тікелей келіссөз бастау мақсатында Қытайда Рахманимен кездескен.

Рахмани 1980 жылдардың ортасында Ауғанстанда совет басқыншылығы кезінде дала командирі ретінде танылған. Ауғанстанда "Талибан" билік құрған кезде Рахмани 1996-2001 жылдар аралығында Кандагар уәлаятының губернаторы болған. Кандагар - "Талибан" құрылған уәлаят саналады.

XS
SM
MD
LG