Accessibility links

Нью-Гэмпширдегі дауыс беруде Хиллари Клинтон артта қалды


Нью-Гэмпшир штатындағы президенттікке түсуден үміткерлерге партияның өз ішіндегі алғашқы дауыс беру. АҚШ, 9 ақпан 2016 жыл
Нью-Гэмпшир штатындағы президенттікке түсуден үміткерлерге партияның өз ішіндегі алғашқы дауыс беру. АҚШ, 9 ақпан 2016 жыл

АҚШ-тың солтүстік-шығысындағы Нью-Гэмпшир штатында президенттікке партиялар атынан түсуге үміткерлерге алғашқы партияның өз ішінде дауыс беру бәсекесі аяқталды. Демократиялық партиядан сенатор Берни Сандерс, Республикашыл партиядан Дональд Трамп алға шықты. Олардың өзге қарсыластарынан озық шыққаны барлық бюллетенді санау процесі аяқталғаннан біраз уақыттан соң жарияланды.

Сандерсті демократ сайлаушылардың 60 пайызы, Трампты республикашылдардың 35 пайызы қолдады.

"Нью-Гэмпширдегі сайлаушылар билікке америкалықтар шынайы өзгерісті қалайтынын білдірді. Менің сайлауалды кампаниям қазіргі жағдайды қабылдамай тастауға деген батылдықты білдіреді" деп мәлімдеді Сандерс Нью-Гэмпшир орталығы Конкорд қаласында жақтастары алдында сөйлегенінде.

Демократиялық партия атынан президенттікке тағы бір үміткер, алдын ала мәлімет бойынша 39 пайыз дауыс алған Хиллари Клинтон күтпеген жерден жеңілді. Дегенмен Клинтонның сайлауалды кампаниясы Нью-Гэмпширдегі жеңілісті өкінішті, бірақ түпкілікті жеңіліс емес деп атады. Себебі Нью-Гэмпширдегі демократиялық электорат негізінен Сандерсті қолдайтын партияның солшыл қанатына жатады. Қоғамдық сауалнама қорытындысы бойынша, АҚШ-тағы Демократиялық партия мүшелерінің 71 пайызы алғашқы дауыс беру нәтижесінде Клинтон жеңіске жетеді деп болжаған.

Республикашыл партиядан үміткерлер қатарында Трамптан кейінгі орында 16 пайыз дауыс жинаған, Огайо штатының губернаторы Джон Кейсик тұр.

XS
SM
MD
LG