Accessibility links

ЮНЕСКО бас директорын БҰҰ бас хатшылығына ұсынды


ЮНЕСКО бас директоры, Болгария БҰҰ бас хатшысы қызметіне ұсынған Ирина Бокова.
ЮНЕСКО бас директоры, Болгария БҰҰ бас хатшысы қызметіне ұсынған Ирина Бокова.

Болгария ЮНЕСКО бас директоры Ирина Бокованы БҰҰ бас хатшысы қызметіне ұсынды.

"Тәжірибесі мен біліктілігі бар Бокова БҰҰ бас хатшылығына басты үміткерлердің бірі болуы мүмкін" деп мәлімдеді Болгария сыртқы істер министрлігі. 8 ақпанда Болгария үкіметі қазір Еуропа комиссиясының президенті, Болгария ұсынған үміткер Кристалина Георгиева БҰҰ бас хатшылығына таласпайтынын хабарлаған.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунның өкілетті мерзімі биылғы жылдың соңында аяқталады. Бұған дейін 1946 жылдан бері қатарынан сегіз ер адам басқарған БҰҰ бас хатшысы қызметіне алғаш рет әйел адам отыруы мүмкін деген әңгімелер туған.

Ағылшын, француз, орыс және испан тілдерінде еркін сөйлейтін Бокова 2009 жылдан бері БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы ЮНЕСКО-ның бас директоры. Мұның алдында ол Болгария сыртқы істер министрі және осы елдің Франция мен Монакодағы елшісі болған.

Өткен аптада Словения да бұрынғы президент Данило Туркты БҰҰ бас хатшысы қызметіне ұсынған. Македония, Хорватия мен Монтенегро да өз үміткерлерін ұсынған.

БҰҰ бас хатшысы бес жыл мерзімге, билікті басып алуды болдырмау үшін әр құрлықтан кезек сайланады. Бұл жолғы бас хатшы Шығыс Еуропа елдерінен сайланады.

XS
SM
MD
LG