Accessibility links

Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған портал ашылды


Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалды тақта, Атырау (Көрнекі сурет).

Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалды тақта, Атырау (Көрнекі сурет).

Қазақстан ішкі істер министрлігі совет кезеңіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған "Мемориал" веб-порталын ашты.

Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Демеуовтің веб-порталды таныстыру кезінде айтуынша, 1930-1953 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған порталға 109 мыңнан астам адам туралы, олардың ақталуына қатысты мәліметтер енгізілген. Демеуовтің сөзіне қарағанда, 2016 жылы портал бұрынғы соғыс тұтқындарының мәліметтер базасымен толығады.

Порталға ішкі істер министрлігінің арнайы мемлекеттік мұрағатында сақталған қуғын-сүргінге ұшырағандардың қылмыстық істері, ақталып шыққанына қатысты құжаттар мен деректер енгізілген.

XS
SM
MD
LG